Келесі оқу жылынан бастап оқушылар қазақ тілінен емтихан тапсырады

Келесі оқу жылынан бастап оқушылар қазақ тілінен емтихан тапсырады
Сурет: Martebe.kz

Нақтырақ айтқанда,  5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады.

Бұған дейін бұл ұсыныс қазақ тілі мұғалімдерінің съезінде және Оқу-ағарту министрінің қатысуымен өткен мұғалімдер қауымдастығы өкілдерінің кездесуінде айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазақ тілі» пәнінен емтиханды 5-8, 10-сынып оқушылары тапсырады. Мұндай өзгерістер келесі (2023-2024) оқу жылынан бастап енгізіледі. Бұған дейін қазақ тілінен емтиханды тек 9 және 11-сынып оқушылары ғана тапсыратын. Олар да осы пәннен емтихан тапсыруды жалғастырады», - деп жаздыОқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақ тілінен емтихан жазбаша және ауызша түрде өтеді. Тыңдау, айту, оқу және жазу сияқты дағдылар бағаланады. Емтихан тапсырмаларын оқытушылар академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып өздері құрастырады.

Пән бойынша қорытынды баға 5-8, 10-сыныптарда емтихан және жылдық бағалау қорытындылары бойынша қойылады.