Кеденшілер күдікке ілінді

Кеденшілер күдікке ілінді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Түркістан облысында кеден бекетінің қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет видео жариялады, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Антикор мәліметінше, "Қазығұрт" кеден бекетінің лауазымды тұлғаларына қатысты жүйелі негізде пара алу дерекетері бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Олар сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан жүк көліктерін кеден бекеті арқылы кедергісіз өткізу үшін 50-ден 200 мың теңгеге дейін пара алды деген күдікке ілінді", - деді Антикор өкілдері.

Соталды тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.