Көмек көптік етпейді

Көмек көптік етпейді
Сурет: Inform.kz

«Қазпошта» АҚ Екібастұз тұрғындарына гуманитарлық көмек жөнелтуді қолға алды

«Қазпошта» акционерлік қоғамы Екібастұз тұрғындарына гуманитарлық көмек жөнелтуді қолға алады. Бұл жайында компанияның басқарма төрағасы Әсел Жанасова мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Достар, Екібастұзда көп қабатты және жеке тұрғын үйлер жылусыз қалды. Алда 30 градустан төмен аязды күндер бар. Біздің компания да қайырымдылық істен сырт қала алмады: бүгін "Қазпошта" гуманитарлық көмек жинауды бастайды. Астана мен Алматыдағы кез келген "Қазпошта" бөлімшесіне жылытқыш, көрпе, жылы киім және басқа керек заттар әкелуге болады. Барлық көмек Екібастұзға компаниямыздың күшімен жеткізіледі», - деп жазды Әсел Жанасова Facebook парақшасында.

Еске сала кетейік, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған еді.