"Қазақстанның үздік тауары": Жеңімпаз кәсіпорындар марапатталды

"Қазақстанның үздік тауары":  Жеңімпаз кәсіпорындар марапатталды
Сурет: Inbusiness.kz

Жеңіске түрлі кәсіпорындар қол жеткізді.

Астанада "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап. 

Осы жылдың қорытындысы бойынша "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар" аталымы бойынша "KazTigerTape" ЖШС жеңімпаз деп танылды. Бұл кәсіпорын скотч, жапсырма ленталарды өндірумен айналысады. Жеңіске жеткен кәсіпорындар арасында телекоммуникация және электр энергетикасы желілеріне кабель өндіретін "Kazcentrelectroprovod" ЖШС, жол салу, кәріз желісін салуға арналған темірбетон бұйымдарын шығаратын "Сапа Су" ЖШС да бар.

"Халыққа арналған үздік тауарлар" номинациясы бойынша үздіктер – "Семирамида" тігін фабрикасының әйелдерге арналған күзгі-қысқы сырт киім топтамасы, "Адили текстиль" ЖШС матадан тігілген дастархандары, "Эдем" брендімен "Хабибулла-ата" жеке кәсіпкерлігі шығаратын жиһаз.

"Үздік азық-түлік тауарлары" аталымында "Зенченко және компания" коммандиттік серіктестігі, сүт өңдеу және сүт өнімдерін шығаратын "AYKAN" ЖШС, тауық етін өндірумен айналысатын "ECO-Chicken" ӘКК жеңіске жетті.