Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Сурет: ашық дереккөз

3 тамызда Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ауа райы болжамына сәйкес, дүйсенбіде Алматыда, Ақтөбеде, түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.