Қазақстанға туристік мақсатта келгендер саны 34%-ға артты

Қазақстанға туристік мақсатта келгендер саны 34%-ға артты
Сурет: Inbusiness.kz

Туризм көрсеткіштері анағұрлым өскен.

Қазақстанға саяхаттап келушілер саны артып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.

 «Өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 2022 жылғы бірінші тоқсанда туризм көрсеткіштері анағұрлым өскен. Шетелге шығып демалғандардың саны 845,2 мың адамды құрады, бұл былтырғы көрсеткіштен 60,1% артық. Елімізге туристік мақсатта келгендердің саны 293,2 мың адамды құрады, бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 34,3% көп», – деп жазылған Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Ішкі туризм бойынша да жағымды динамика байқалған. Демалыс орындарына орналастырылғандар саны 1 131,9 мың адам, былтырғы кезеңмен салыстырсақ, өсім 21,6% құрап отыр.

«Келушiлерді орналастырумен айналысатын объектілер саны 3 756 бірлікті құрады, ондағы бөлмелер саны 80 983. Олар  1 229 мың адамға  26270,2 млн теңге сомасына қызмет көрскен. Орналастыру орындарының көрсеткен қызмет көлемi (мейрамханаларда көрсетілетін қызметтерiн қоспағанда) өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,7%-ға артты», – деп хабарлады бюро.