Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирдің ширек финалына өтті

Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирдің ширек финалына өтті
Сурет: ktf.kz

Қазақстандық, әлемнің 250-ракеткасы Тимофей Скатов Севилья (Испания) челленджер турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 408-орында тұрған испаниялық Хавьер Косано Барранкомен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Т.Скатов айқын басымдылық танытты – 6:2.
Екінші сетте де Тимофей 2:0 есебімен алға кетті. Есеп 3:2 болған мезетте қарсыласы матчты жалғастырудан бас тартты.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында Т.Скатов эйс жасамағанымен, 12 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Барранко 1 эйс, 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) шектелді.

Тимофей Скатов жартылай финалға шығу үшін әлемнің 116-ыншы, жарыстың 4-ракеткасы, испаниялық Карлос Табернер немесе рейтингте 971-сатыдағы Польша өкілі Ежи Яновичтің біреуімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Таиландтағы жарыстың ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.