Қазақстандық мерген нысана көздеуден жүлдегер атанды

Қазақстандық мерген нысана көздеуден жүлдегер атанды
Сурет: Olympic.kz

Бұл күндері Әзірбайжан астанасы Бакуде нысана көздеуден әлем кубогы өтіп жатыр.

Қазақстандық мерген Ислам Усейнов нысана көздеуден әлем кубогының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz- ке сілтеме жасап.

10 метрден пневматикалық мылтықтан көздеп ату бойынша отандасымыз Ислам Усейнов жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жарыс нәтижесі бойынша 260.5 ұпай еншілеп, үшінші орынға ие болды. 

Айта кетерлігі, хорватиялық Миран Маричич жеңімпаз атанса, сербиялық Лазар Ковачевич күміспен күптелді.