Қазақстандық футболшы Молдавиядағы клубпен келісімшарт жасасты

Қазақстандық футболшы Молдавиядағы клубпен келісімшарт жасасты
Cурет: Inform.kz

18 жастағы Данил Анкудинов - Қарағанды тумасы

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы Данил Анкудинов молдавиялық «Шериф» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

18 жастағы Данил Анкудинов - Қарағанды тумасы. Футболды туған қаласында ойнай бастаған. Содан кейін Испанияға шақырту алып, «Марсет» пен «Касабланка» клубтарында ойнаған. Соңғы жарты жылда «Родина» ФК (Мәскеу) екінші командасы үшін ойнады.

Футболшы молдавиялық «Шериф» ФК-на іріктеуден өтіп, қарсыластарының қақпасына екі рет соққы берді.

«Мен келісімшартқа қол қойғаныма өте қуаныштымын. Маған осы үлкен отбасының мүшесі болуға рұқсат бергендеріңіз үшін рахмет!» - деп жазды Данил Анкудинов Instagram-парақшасында.

«Шериф» ФК 2021 жылғы әлемнің үздік клубтарының рейтингінде «Интер» мен «Барселонаны» басып озды және 28-ші орында тұр.

Өткен жылдың күзінде ұжым Чемпиондар лигасы турнирінің топтық кезеңіне қатысты. Клуб мадридтік «Реалды» жеңді. Нәтижесінде команда топта 3-ші орын алып, Еуропа Лигасына кірді.