Қазақстанды түбегейлі өзгерістер күтіп тұр – Асылбек Байжұмаұлы

Қазақстанды түбегейлі өзгерістер күтіп тұр – Асылбек Байжұмаұлы
Cурет: Ашық дереккөз

Ұлт пен ұлыстың болашағы халықтың өз қолында

Бұл пікірді Гералдикалық орталықтың директоры Асылбек Байжұмаұлы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«5 маусымда Президент Жарлығымен жалпыхалықтық Конституциялық реформалар аясында референдум өтеді. Қазақстанның дамуы айқындалатын сәтте Президент халықтың қолдауына сеніп отыр. Конституциялық сот құру арқылы адам құқығын қорғау, өлім жазасын түбегейлі жою және омбудсмендердің өкілеттігін Конституцияға енгізу бастамалары көтерілді. Жаңа Қазақстанды, жаңа заманды, әділетті мемлекетті аңсаған бар отандастарымыз Президент бастамасын қолдап, бірлік пен берекенің үлгісін көрсетеді деген сенімдемін», – деді Гералдикалық орталықтың директоры.

Сондай-ақ ол  әрбір азаматтың өзінің заңды құқығын пайдалана отырып, заң аясында Мәслихат пен Мәжіліс сайлауына қатысуына мүмкіндік туатынын айтты.

«Парламенттік билікті күшейтіп, мәслихаттар мен Мәжілістің мажоритарлық сайлау жүйесіне көшуі – Қазақстан халқының елдегі саяси өміріне белсене араласуына мүмкіндік береді. Әрбір азаматтың өзінің заңды құқығын пайдалана отырып, заң аясында мәслихат пен Мәжіліс сайлауына қатысуына мүмкіндік туады. Екінші дамыған Қазақстанды түбегейлі өзгерістер күтіп тұр. Ұлт пен ұлыстың болашағы халықтың өз қолында екенін баса айтты. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде бұл саяси өзгерістерді қолдаймын», – деді Асылбек Байжұмаұлы.