Қазақстанда жасөспірімдердің электросамокатпен жүруіне тыйым салынады

Қазақстанда жасөспірімдердің электросамокатпен жүруіне тыйым салынады
Сурет: Delfi.lt

Заңға тиісті өзгеріс биылдан қалмай енгізіледі.

Қазақстанда 16 жасқа толмаған жасөспірімдердің электросамокатпен жүруіне тыйым салынады.Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz cілтеме жасап. 

Жол қозғалысы туралы заңға тиісті өзгеріс биылдан қалмай енгізіледі. Жаңа талапқа сай, электросамокат иелері қозғалыс құралына жарықтандырғыш орнатуы міндеттеледі.

Бұған дейін аталған көлік түріне арналған ереже бекітілген болатын. 
Электросамокатпен тек бір адам жүруі қажет және қозғалыс жылдамдығы сағатына 25 километрден аспауы тиіс.