Қазақстанда орташа зейнетақы қанша?

Қазақстанда орташа зейнетақы қанша?
Сурет: Еgemen.kz

Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді.

2023 жылғы 1 маусымдағы мәлімет бойынша, Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері 120 743 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 374,1 млрд теңге қаржы зейнетақы төлеуге бөлінді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 421,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 952,2 млрд теңге.

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша елімізде 2 млн 299 мың адам зейнеткер бар.

"2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 743 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 881 теңге, базалық зейнетақы – 37 862 теңге", делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан ақпаратта.

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 686 теңге болған еді.