Қазақстанда онлайн сатып алынған тауарлар көлемі артты

Қазақстанда онлайн сатып алынған тауарлар көлемі артты
Сурет: Cossa.ru

Былтыр 4 миллиардтан астам транзакция жасалған.

Қазақстандықтар онлайн саудаға тоғыз айда 3,8 млрд теңге жұмсаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

Қазақстанда онлайн сатып алынған тауарлар көлемі артты. Биыл тоғыз айда онлайн тәсілмен 3,8 миллиард теңгеге төлем транзакциясы жүргізілді. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 33,7%-ке артық.

Мониторингтік компанияның ақпараты бойынша, қазақстандықтар интернет арқылы жиһаз, электроника, тұрмыстық техника, киім-кешек, үй және тұрмыстық тауарлар мен азық-түлік те сатып алады.

Мәселен, онлайн саудада ең көп сатылатын - киім мен спорттық тауарлар - 63,6%, ал екінші орында - азық-түлік өнімдері - 48,4%.

Сонымен қатар дәрі, косметика, үйде пайдалануға арналған тауарлар, кітап, журнал, газет, фильм, музыка да онлайн саудада жиі сатылады.

Сарапшылар былтыр 4 миллиардтан астам транзакция жасалғанын атап өтті.