Қазақстанда халық саны қанша?

Қазақстанда халық саны қанша?
Сурет: Egemen.kz

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда тұратын адамдар саны туралы нақтыланған мәліметтерді ұсынды.

Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылдың 1 шілдесінде ел халқының саны 19 миллион 899 мың 377 адамды құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Елімізде 12,3 миллион адам қалада, 7,5 миллион адам ауылдық мекендерде тұрады.

Жыл басынан бері халық саны 132 мың адамға өсті, оның 125 мыңы – табиғи өсім есебінен (туылғандар саны өлгендер санынан асып түсті), 6,6 мың адам – көші-қонның оң сальдосы.

Өңірлер арасында ең көп халық саны Алматы қаласында – 2 191 314 адам. Халық саны бойынша Түркістан облысы одан кейінгі орында – 2 133 559 адам, Алматы облысы 1 518 282 адаммен алғашқы үштікті түйіндеп тұр.

Астана халық саны бойынша төртінші орында – 1 383 291 адам, Жамбыл облысы бесінші орында – 1 222 257 адам.

Айта кетейік, Қазақстан халқы 2022 жылы 261 845 адамға өсті.