Қазақстанда ғылым саласындағы қызмет көлемі артты

Қазақстанда ғылым саласындағы қызмет көлемі артты
Сурет: Kostanaytany.kz

Елде ғылыми зерттеу саласындағы қызмет көлемі 24 миллиард теңгеден асты.

Бұл өткен жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 2 есеге көп. Зерттеулердің негізгі көлемі Алматы мен Астана қалаларына тиесілі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарындағы ғылыми жұмыстарға, жалпы 1 миллиардтан астам қаражат жұмсалды. Қызметтің негізгі көлемі биотехнология, құрылыс, автомобиль жолдарын салу саласындағы зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелерге жұмсалады.

Ғылым саласындағы қызмет көлемі: Алматы қаласы 10,1 млрд теңге

Астана қаласы 6,7 млрд теңге

Маңғыстау облысы 1,5 млрд теңге

ШҚО 1,3 млрд теңге

Қарағанды облысы 1,1 млрд теңге

Абай облысы 1,1 млрд теңге