Қазақстанда энергия тұтыну көлемі азайды

Қазақстанда энергия тұтыну көлемі азайды
Сурет: Russianireland.com

Энергия пайдалану көрсеткіші 1,4%-ға төмендеген.

Қазақстан Үкіметі елімізде энергия тұтыну көлемі төмендегенін мәлімдеп отыр. Өткен жылмен салыстырғанда 1,4%-ға төмендеген, бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 «Биылғы жылдың 16 қазанындағы жағдай бойынша, электр энергиясын өндіру экспортты есепке алғанда 86,9 млрд кВт/сағатты құрады. Тұтыну 86,8 млрд кВт/сағат, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4%-ға төмен», – деді министр.

Тұтынудың азаюы негізінен заңсыз жұмыс істейтін майнингтік қызметті жүзеге асырған тұлғаларды анықтау бойынша жүргізілген жұмыстарға байланысты, - деп түсіндірді министр.

 «Осыған орай, өткен жылдардағы энергетикалық жүйенің динамикасын ескере отырып, біздің бағалауымыз бойынша, 2022-2023 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде энергетикалық жүйедегі максималды жүктеме шамамен 16,1 ГВт құрайды», – деп түйіндеді Болат Ақшолақов.