Қазақстанда балаларға арналған кепілдендіріліген әлеуметтік топтама енді ақшалай беріледі

Қазақстанда балаларға арналған кепілдендіріліген әлеуметтік топтама енді ақшалай беріледі
Сурет: Gov.kz

Әр балаға АӘК-тің орташа мөлшері 6 650 теңгені құрады.

Қазақстан Үкіметі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік топтаманың енді ақшалай берілетінін жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енген атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына көрсетілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау, ата-аналарға балалардың жеке қажеттіліктеріне қарай керекті тауарларды өз бетінше таңдауға мүмкіндік беретін болады», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.

2020 жылғы қаңтар айынан бастап атаулы әлеуметтік көмек  алатын отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына АӘК-ке қосымша әлеуметтік қолдау шарасы ретінде азық-түлік пен тұрмыстық химия жиынтығы түріндегі кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсынылғаны белгілі.

2022 жылы әлеуметтік көмек алатын отбасының әрбір мүшесіне, яғни әр балаға АӘК-тің орташа мөлшері 6 650 теңгені құрады. Табысы аз отбасылардың балаларына қосымша ұсынылатын азық-түлік пен тұрмыстық жиынтықтың құны 5 174 теңге деңгейінде белгіленді.

Бұл ретте кепілдік берілген кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы алушылардан осы топтаманы заттай түрден ақшалай форматқа ауыстыру туралы ұсыныстар жиі келіп түсті.

Кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы алушылардың ұсыныстарын ескере отырып, 2023 жылдан бастап кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау туралы шешім қабылданды. Монетизация АӘК алатын әрбір балаға ай сайынғы негізде 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша ақшалай төлем түрінде жүзеге асырылды. Бұл ата-аналарға балалардың жеке қажеттіліктеріне байланысты қажетті тауарларды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.