Қазақстанда 600 мыңға жуық адам оңалтуды қажет ететін аурулардан зардап шегеді

Қазақстанда 600 мыңға жуық адам оңалтуды қажет ететін аурулардан зардап шегеді
Сурет: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов медициналық оңалту саласындағы мәселелерді көтеріп, Денсаулық сақтау министріне депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Депутаттың айтуынша, бүгінде 600 мыңға жуық адам оңалтуды қажет ететін аурулардан зардап шегеді. Медициналық сақтандыру жүйесін енгізумен медициналық оңалтуды қаржыландыру 13 есеге өсіп, 2023 жылы 78 млрд теңгені құрады. Пациенттерді медициналық оңалту қызметімен қамту 6 есеге жуық артты,-деп жазды ҚазАқпарат.

Ғалымжан Елеуов атап өткендей, жеткізушілердің 70 пайызында білікті мамандар жоқ, көптеген жеткізушілерде қажетті жабдық жоқ. Кілем, таразы, диван, массаж - осылайша бізде Оңалту орталықтары ашылады. Ал осы орталықтарда кім емделіп жатқанын ешкім бақыламайды.

photo
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

«Белгілі бір оңалту әлеуеті жоқ, көбінесе ешқандай көрсеткіштері жоқ пациенттер қабылданады немесе таңдалады. Неліктен біз медициналық сақтандыру ақшасын ысырап етуге жол береміз? Медициналық сақтандыру қоры барлық жұмысын шұғыл түрде цифрландыруы керек. Өйткені, халық ақшасын сеніп тапсырып отыр»,-деді Елеуов.

Осыған орай, депутат Денсаулық сақтау министрлігінен тиісті шара қолдануды сұрады.