Қор нарығында доллар арзандады

Қор нарығында доллар  арзандады
Сурет: Lenta.ru

Бір доллар - 431,41 теңге болды. 

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,29 теңгеге түсіп, 1 доллар - 431,41 теңге болды. Ұлттық банктің 19 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 432,69 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы - 430,67 теңге, сатып алу – 435,50 теңге. 

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы - 431,30 теңге болса, сатып алу құны – 434,57 теңге.