Қазақстан табиғи уран жеткізушілер арасында әлемдік рейтингте көш бастап тұр

Қазақстан табиғи уран жеткізушілер арасында әлемдік рейтингте көш бастап тұр
Сурет: Sknews.kz

Республикамыздың үлесіне шикізаттың осы түрінің экспортының 34 пайызға жуығы немесе 1 миллиард доллардан астамы тиді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Бізден басқа үздік бестікке Канада, Намибия, Нигер және АҚШ енгенін айта кеткен жөн. Жалпы, елімізде 2021 жылы 3,2 млрд долларға табиғи уран экспортталды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 пайызға көп. Ал байытылған уран жеткізу Қазақстанда 406 млн долларға өсті. Нәтижесінде елдің үлесі 14,3 пайызға жетті.