«Қазақстан» шахтасындағы апат үшін жауапты тұлға 7 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін

«Қазақстан» шахтасындағы апат үшін жауапты тұлға 7 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін
Сурет: ашық дереккөз

«Қазақстан» шахтасындағы апат үшін жауапты тұлға 7 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Бұл топтық қайғылы жайт саналады. Қылмыстық кодекске сәйкес, егер сот басшылық шынымен де кінәлі деп таныса, онда 7 жылға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - деді ол Қарағанды өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте.

Ал Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин жауапкершілік деңгейін сот айқындайтынына назар аудартты.

«Қайғылы жайттың себептерін, қызметкерлердің өлімін тергеу аяқталғаннан кейін материал сотқа беріледі және сот жауапкершілікті айқындайды. Комиссия материалдарында қауіпсіздік техникасын, лауазымдық нұсқаулықты бұзған тұлғаның іс-әрекеттері көрсетіледі. Мұны сот айқындайтын болады», - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.