Түрксіб ауданында емхана салу жоспарланған

Түрксіб ауданында емхана салу жоспарланған
Сурет: Tengrinews.kz

Денсаулық сақтау саласындағы мәселелер шешімін таппақ.

Ол үшін Түрксіб ауданындағы «Қайрат», «Нұршашқан», «Әлмерек» шағынаудандарында және Айбасов көшесінде 1 емхана мен 3 отбасылық-дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған. 

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың Түрксіб ауданы тұрғындарымен өткен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Ағымдағы жылдың IV тоқсанында «Нұршашқан» шағынауданында 100 келушіге және Айбасов көшесінде 200 келушіге арналған дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталады. Осы жылдың соңына дейін "Қайрат" шағынауданында 340 адам қабылдайтын емхана салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленетін болады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2023 жылы бастау жоспарланып отыр», - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев. 

«Әлмерек» шағынауданында 200 келушіге арналған амбулатория салу үшін жер учаскесін сатып алу процедуралары жүріп жатыр. 2023 жылы отбасылық-дәрігерлік амбулатория құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді.