Қазақстан Президенті Мұхаммед пайғамбардың мешітіне зиярат етті

Қазақстан  Президенті  Мұхаммед пайғамбардың мешітіне зиярат етті
Сурет: Akorda.kz

Тоқаевтың баруына орай оған ерекше құрмет ретінде Пайғамбар жерленген киелі орынның есігі ашылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед пайғамбар мешітіне зиярат етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапары Исламда екінші қасиетті орын саналатын Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барудан басталды.

Қазақстан Президентінің баруына орай оған ерекше құрмет ретінде Пайғамбар жерленген киелі орынның есігі ашылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жидда қаласында өтетін "Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" атты мемлекеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысады.