Қазақстан мен Франция арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды

Қазақстан мен Франция арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды
Сурет: Министрлік

Қазақстанда ФДА компаниялар тобын құру шарты қаралды

Бүгін Астанада ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. Әлібек Қуантыров Францияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесспен және Франциялық даму агенттігінің Орталық Азиядағы өкілдігінің өңірлік директоры Винсен Копэнмен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кездесу барысында ҚР ҰЭМ мен Францияның даму агенттігі арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Қазақстанда ФДА компаниялар тобын құру және оның жұмыс істеуі туралы үкіметаралық келісімнің шарттары қаралды.

Ә.Қуантыров атап өткендей, келісім жобасының негізгі тармақтарына қол жеткізу үшін тұрақты негізде екіжақты кездесулер өткізіп, өзара іс-қимылды күшейту керек. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді. Атап айтқанда, экономиканы, оның ішінде сауданы дамыту және инвестиция тарту. 

Еске салайық, Франция Президентінің Арнаулы өкілі Изабель Дюмон 6 сәуір күні Қазақстанға сапармен келеді.