«Қазақстан барысына» жанкүйерлер тегін кіреді

«Қазақстан барысына» жанкүйерлер тегін кіреді
Сурет: Vk.com

Жеңімпаздарға бөлінген сыйлық құны –  40 млн теңге.

2 шілде күні Астана  күніне орай өткізіліп жатқан «Қазақстан барысы – 2023» республикалық турниріне кіру билеті тегін болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

1-шілде күні кешкі сағат 19:00-де «Хан шатыр» ойын-сауық орталығында салмақ өлшеу және жеребе тарту рәсімі өтеді. Сондай-ақ, жанкүйерлерге арнайы ұтыс ретінде 5 IPHONE 14 телефоны ойнатылады. Республикалық турнир 2-шілде, жексенбі, сағат 12:00-де «Барыс Арена» спорт кешенінде басталады.

Айта кететіні, іс-шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Астана қалалық әкімдігінің және «Qazaq kuresi» ассоциациясы мен «Qazaqstan Barysy» қазақ күресін қолдау және дамыту қорының қолдауымен өтеді. Турнирдің бас серіктесі – «Қазақтелеком» АҚ.