Алматыда жасөспірімдер алғаш рет далалық оқу-жаттығуға қатысты

Алматыда жасөспірімдер алғаш рет далалық оқу-жаттығуға қатысты Сурет: Azattyq-ruhy.kz/

Шараның мақсаты –жас буынды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу.


Жиынға спорттық, әскери-патриоттық клубына мүше балалар мен жасөспірімдер қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Жиынға Алматы қаласындағы мектептерден «Жас бүркіт» спорттық, әскери-патриоттық клубына мүше «Бүркіт боп көке самғаймыз, елімізді қорғаймыз!» ұранын жалаулатқан 50-ден аса бала мен жасөспірім қатысты.



Әскери іс-шараның мақсаты – өсіп келе жатқан жас буын мен әскерге дейінгі жастарға Отанымыздың тарихын оқыту негізінде, қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, әскери қызметтің беделін және ҚР Ұлттық ұланының мәртебесін арттыру, әскери істі меңгеру және жастарды әскери қызметке физикалық дайындау. Сондай-ақ, балалардың, жасөспірімдердің және әскерге дейінгі жастардың моральдық бірлігін, әскери-патриоттық, спорттық және әскери-техникалық дайындықтарын шыңдау.



Далалық жиынға алғаш рет шығып отырған болашақ сарбаздар «Найза», «Батырлар» және «Сақ» деп аталатын үш топқа бөлініп, бір апта бойы күн тәртібіне сәйкес саптық дайындық, жараланған жолдасына алғашқы медициналық көмек көрсету, топография, альпинизм, суда жүзу және спорттық дайындық пәндерінен білімдерін шыңдап, әскери өмірдің қыр сырымен танысты. Қуанарлығы, алматылық жасөспірімдер бұл практикалық оқу-жаттығу іс-шарасына аса қызығушылықпен қатысты.


Сонымен қатар әскери-патриоттық клуб тәрбиленушілері мектеп қабырғасында алған әскери дайындық бойынша алған білімдерін көрсетіп, пневматикалық қарудан оқ атып, АК-74 автоматын белгіленген нормативке сай бөлшектеп, жинап өз шеберліктерін көрсете білді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14