Қазақшада кеткен қатені түзеп, сыйлық алу мүмкіндігі

Қазақшада кеткен қатені түзеп, сыйлық алу мүмкіндігі
Суреттер: kaz.365info.kz

Бұрын-соңды болмаған жоба.

Қазіргі таңда көптеген жерлерде, көрнекі құралдарда, тауарлардың атында немесе тауарлар сөресінде, дүкен атаулары мен жарнамалардағы қазақ тіліндегі қате ақпараттан көз сүрінеді.

Суреттер: Kaz.365info.kz

Бұндай олқылықтарды жою мақсатында «TAS GROUP» компаниялар тобы тілімізге жанашырлық танытып, қазақ тілін дамытуға өз үлестерін қоспақ. Осы орайда компания «Тіл сақшысы» деген жобаны қолға алып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оған кез келген адам қатыса алады.  Байқау шарттарына сай жылдың соңына дейін ең үздік нәтиже көрсеткен 3 Тіл сақшысына ақшалай сыйлықтар табысталады.

«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген Ахмет Байтұрсынұлының сөзін желеу қылған жоба жайлы толығырақ https://tilsaqshysy.assyltas.kz/ сайтынан білуге болады.