«Қайрат» құрамасына шетелдік ойыншы қосылды

«Қайрат» құрамасына шетелдік ойыншы қосылды
Сурет: Egemen.kz

Қазақстандық футзалдың көшбасшысы - алматылық «Қайрат» клубы жаңа ойыншымен толықты

Енді бразилиялық Ранжельдің орнын Венесуэла құрамасының ойыншысы Карлос Санз басатын болды,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Клубының баспасөз қызметі хабарлағандай, Карлос Венесуэла құрамасын 2014 жылдан бері қолдап келеді. Оңтүстік америкалық спортшы «Қайратпен» 1,5 жылға келісімшартқа қол қойды. Енді Санз алматылық командада 18-ші нөмірмен өнер көрсетеді.

25 жастағы қорғаушы әр жылдары Италия, Хорватия, Перу және Эквадор чемпионаттарында ойнады.

Өз кезегінде Бразилия құрамасының ойыншысы Ранжел өзінің туған жерінде Бразилиялық «Пато Футзал» командасында ойнайтын болады.