Қатар-2022: Сербияны ұтқан Швейцария плей-офф кезеңіне шықты

Қатар-2022: Сербияны ұтқан Швейцария плей-офф кезеңіне шықты
Сурет: Championat.com

Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында G тобында Сербия мен Швейцария жолдаманы сарапқа салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл топта Бразилияда 6, Швейцарияда 3, Камерун мен Сербияда 1 ұпай бар еді. Сондықтан қос командаға, әсіресе, Сербияға жеңіс керек еді.

Бірінші таймда швейцариялық Джердан Шакири 20-минутта есеп ашса, алты минуттан кейін сербиялық Александар Митрович таразы басын теңестірді. 35-минутта Душан Влахович Сербияны алға шығарды. 44-минутта швейцариялық Брель Эмболо жауап гол салды.

Екінші кезеңде швейцариялық Ремо Фройлер 48-минутта жеңіс голын соқты.

Осылайша, 3:2 есебімен қарсыласын ұтқан Швейцария өз тобында доп айырмасы бойынша Бразилияны алға жіберіп, 1/8 финалға жолдама алды.