Қасым-Жомарт Тоқаевтың Санкт-Петербургтегі сапары аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Санкт-Петербургтегі сапары аяқталды
Сурет: Akorda.kz

Президент ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапары аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен барды.

Мемлекет басшысын Ресей Президенті Владимир Путин қарсы алды.

Достастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

Сондай-ақ, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік орыс музейіне барды.

Онда Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері басшыларының тағы бір бейресми кездесуі өтті.