Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді
Сурет: Akorda.kz

Президент бірқатар тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Отырысқа Премьер-Министр, Парламент Мәжілісінің Төрағасы, Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің Басшысы және оның орынбасарлары, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қатысты.

Мемлекет басшысы жиынға қатысушылардың ұсыныстарын тыңдап, биылғы Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын тиімді жүзеге асыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.