Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарымен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарымен барды
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарымен барды.

Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сапар аясында Қазақстан Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады деп жоспарланып отыр.

Душанбе халықаралық әуежайында Мемлекет басшысын Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.