Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды әуежайдан шығарып салды

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды әуежайдан шығарып салды
Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстан Тәжікстанның негізгі сауда серіктесіне айналуы мүмкін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталған Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды әуежайдан шығарып салып, жылы қоштасты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды елорда әуежайында қарсы алған болатын.

Бүгін Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақордада өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөз кезінде биыл Қазақстан Тәжікстанның негізгі сауда серіктесіне айналуы мүмкін екенін айтты.