Елімізде коронавирус жұқтыру көрсеткіші өсе бастады

Елімізде коронавирус жұқтыру көрсеткіші өсе бастады
Сурет: Ашық дереккөзі

735 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсе бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, өткен тәулікте коронавирусты 51 адам жұқтырып, 2 адам аталған дерттен айығып кеткен.

Айта кетейік, қарашаның 2-сі күні қауіпті вирусты 35 адам жұқтырса, 3-і күні 49 адам жұқтырған болатын.

4 қарашадағы мәлімет бойынша, 735 адам коронавирус инфекциясынан (–590+ және 145 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 79 пациент стационарда, 656 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 4 адамның жағдайы ауыр,

• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Сондай-ақ 4 қарашадағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 10 843 720 адам, II компонентін 10 606 256 адам салдырған. Ревакцинацияланғандар саны – 5 619 798.