Қарлығаш Әдбіжаббарова: Алматыда «омикрон» жұқтырғандар саны тәулігіне 2,5 мыңға дейін өсті

Қарлығаш Әдбіжаббарова: Алматыда «омикрон» жұқтырғандар саны тәулігіне 2,5 мыңға дейін өсті
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады. Бұл туралы онлайн брифингте Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қарлығаш Әдбіжаббарова айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Оның сөзіне қарағанда, соңғы екі аптада 100 мың тұрғынға шаққанда апталық сырқаттанушылықтың артуы 6,5-нан 2 есеге дейін баяулады. Дегенмен, күнделікті өсім 0,97-ден 1,24-ке дейін көтерілді. Қаңтар айында КВИ ауруы: 1 аптада - 1025 жағдай, 2 аптада – 6050 жағдай, 3 аптада - 13133 жағдай, яғни 12,8 есе өскен.

«Дельта» штамынан кейін келген «омикронға» байланысты аурудың күрт өсуі орын алды, «омикрон» жұқтырған жағдайлардың саны тәулігіне 2,5 мыңға дейін біртіндеп өсті. Айдың соңына қарай бір тәулікте 3 мыңға дейін ауруды тіркеу күтілуде», - деді спикер.