Елімізде нәрестелердің шетінеуі көбейген

Елімізде нәрестелердің шетінеуі көбейген
Сурет: Kun.uz

Қазақстанда ана өлімі азайғанымен, сәбилердің шетінеуі көп.

Бұл Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың мәліметі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Министрдің айтуынша, 2022 жылдың алты айында ана өлімін 2,4 есеге азайған.

«Павлодар, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында өлім көп болды», – деді Ажар Ғиният.

Ана өлімінің жоғары себептерінің ішінде акушерлік асқынулар 70%, соматикалық аурулар 30% болды.

Нәресте өлімі әлі де жоғары. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 6,5% өсім байқалады. Шымкент, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында сәби өлімі жиі тіркелген. Оның ішінде 60%-ы - шала туған нәрестелердің өлімі.