«Қарасу» көлін механикалық тазарту жұмыстары жүргізілуде

 «Қарасу» көлін механикалық тазарту жұмыстары жүргізілуде
Сурет: Almaty.tv

Алатау ауданында қатты жауын-шашын кезінде су басатын 18 учаске анықталды.

Бүгінгі таңда төтенше жағдай желісі бойынша оның 10-ы жойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Анықтама үшін: арық желілерін салу және реконструкциялау – 1,2 км, коллекторды тазарту – 8,4 км және каналдарды тазарту – 3,9 км, су бұру арналарын салу – 6,5 км, Боралдай өзенінің жағалауын нығайту – 671 м.

Қаланың батыс бөлігінде жалпы ұзындығы 49 км болатын 59 көше бойынша арық желісі мен нөсер канализациясын салу және реконструкциялау жобасын іске асыру шеңберінде қалған 8 су басу учаскесі жыл соңына дейін жойылады (осы жылдың маусым айының соңында мердігер ұйымдар анықталды, шілде айында жұмыс басталды).

 «Қарасу» көлін механикалық тазарту жұмыстары жүргізілуде. Су ағызу құрылыстарын салу және ұзындығы 40 м (диаметрі 280 мм) жол астынан тесу жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні 5 мың м3 тұнба шөгінділері шығарылды. Жұмыстарды осы жылдың қыркүйек айының соңында аяқтаймыз.
«Өжет» шағын ауданындағы тоған бойындағы жасыл аймақ (16 га) және Боралдай өзенінің жағалауындағы жаяу жүргіншілер серуендеу аймағының (24 га) құрылысы басталды. Екі жобаны 2024 жылдың II-ші тоқсанында пайдалануға беру жоспарлануда. 

«Қарасу» шағын ауданы  тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша аудан әкімдігі Бағаналы Орда көшесінде жаяу жүргіншілер аймағын салу жоспарлануда. Жоба мердігер ұйымды айқындау сатысында. Жобаны іске асыру тамыз айының соңына дейін басталады, биылғы  жылдың қараша айында аяқталады.

 Сонымен бірге, «Зерделі» шағын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Оны осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.