Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру ұсынысы бірауыздан мақұлданды

Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру ұсынысы бірауыздан мақұлданды
Сурет: Kapital.kz.

Бірауыздан шешім қабылданды.

24 наурызда Қайрат Ахметтаевтың төрағалығымен Қапшағай қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Онда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бибігүл Шайкенованың Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаев есімін беру мәселесі жөніндегі баяндамасы тыңдалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Шайкенова қала әкімінің атына «Қамқор жүрек» және «Қапшағай, самға» мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, көп балалы аналардың «Ана сәулесі» қоғамдық бірлестігі, Қапшағай қалалық «Семей полигоны» қоғамдық бірлестігі, Қапшағай қалалық «Қапшағай қалалық полигоны» қоғамдық бірлестіктері сияқты түрлі үкіметтік емес ұйымдар мен AMANAT, «Ақ жол» партияларынан Қапшағай қаласын Дінмұхамед Қонаев деп атау туралы бастама қолдаухат келіп түскенін мәлімдеді.

Дауыс беру қорытындысы бойынша, Қапшағай қаласының атауын "Дінмұхамед Қонаев" деп өзгерту туралы бірауыздан шешім қабылданды.

Айта кетейік, жария тыңдаудың хаттамасы жергілікті атқарушы және құзырлы органдардың интернет-ресурстарында және «Нұрлы өлке» газетінде жарияланды.