Капиталды елге қайтару туралы заң жобасы қашан қабылданады?

Капиталды елге қайтару туралы заң жобасы қашан қабылданады?
Сурет: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаттарына қылмыстық заңнамаға ұсынылған түзетулерді таныстырған Әділет вице-министрі Алма Мұқанова ел аумағынан заңсыз шығарылған капиталды қайтару туралы заң жобасы Мәжіліске қашан түсетінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Заңсыз шығарылған активтерді қайтару бағытындағы заң жобасын Үкімет әзірлеген болатын. Сонымен бірге тиісті заң жобасын Парламент депутаттары да дайындап, Үкіметке қорытынды беру үшін енгізілді. Қазіргі таңда аталған заң жобалары Үкіметтің қарауында жатыр. Яғни Үкімет өз қорытындысын әзірлеу үстінде.

Келесі айдың аяғына дейін Үкімет заң жобасына берілетін қорытындыны әзірлеп үлгереді және Мәжілістің қарауына өткізеді деп ойлаймын», - деді Алма Мұқанова.