Қаңтардағы қарулар таусылмапты

Қаңтардағы қарулар таусылмапты
Сурет: интернеттен

Тергеу шаралары басталды.

Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың ірі арсеналы табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жасырын жерден "Калашников" автоматтары, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 бірлік қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон шықты.

"Алдын ала деректер бойынша, табылған қару қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған", - дейді комитет мамандары.