Қаланың коммуналдық қызметтері су басудың алдын алуда

Қаланың коммуналдық қызметтері су басудың алдын алуда

Жауын-шашын: қаланың коммуналдық қызметтері ауа-райының өзгеруіне дайын

Бүгін Алматыда таңғы тоғыздан бері жауын жауып тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жауын  10 қарашаның таңына дейін жауады деп болжануда. Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша қалада 0,4-0,5 мм жауын жауды.

Осыған байланысты, арық желілері арқылы судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету, ықтимал су басудың алдын алу және жою мақсатында 39 кезекші бригада, 184 бірлік арнайы техника, 22 мотопомпалар және 804 жол жұмысшылары жұмылдырылды. 1850 қап құм жиналды.

Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша Алматы қаласында 10 қарашаның таңына дейін орташа жаңбыр жауады, күндіз температура +8...+10, түнде + 4...+6 градус болады.