Қалалық мансап орталығы студенттер арасында фестиваль өткізеді

Қалалық мансап орталығы студенттер арасында фестиваль өткізеді
Cурет: Inbusiness.kz

2023 жылдың 10 тамыз күні шығармашылық қабілеттерді дамыту, мансаптық өсуге жәрдемдесу, бағыттардың алуан түрлілігін қолдау және білім берудің қолжетімділігін арттыру мақсатында тегін курстар бойынша жобалық кеңсе және NEET жастарға арналған қалалық мансап орталығы Халықаралық білім беру корпорациясы негізінде фестиваль өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қаланың ең көп сұранысқа ие жұмыс берушілері студенттер мен түлектерге өз компаниялары мен мүмкіндіктерін ұсынады. Тәжірибелі мамандар өздерінің кәсіби шеберліктерінің құпияларын ашып, практикалық шеберлік сыныптар өткізеді.

Тегін курстарда оқыған студенттер өздерінің жарқын шығармашылық жұмыстары мен жетістіктерін көрсетеді. Ақпараттық стендтер мен презентациялар жастарға қолжетімді тегін курстардың кең ауқымын көрсетеді. 

Күні мен орны: 10 тамыз 2023 жыл, 15:30 сағ., Халықаралық білім беру корпорациясы (Алматы қ. Рыскқұлбеков көшесі, 28)