Қаладан 159 текше метр қар шығарылды

Қаладан 159 текше метр қар шығарылды
Суреттер: Almaty-akshamy.kz

Қалада қар тазалау жұмыстары жүргізілуде

 Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасының мәліметі бойынша, Алматыда 10 см, тау бөктері мен таулы аудандарда 15 см қар жауды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

 Көктайғақтың алдын алу мақсатында қар жауа салысымен жолдарға көктайғаққа қарсы 450 тонна материалдар себілген. 

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жалпы пайдалану орындарын тазалау бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

Қарды сыпыру жұмыстары жүргізілуде.

Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 159 текше метр қар шығарылды.

621 бірлік арнайы техника, 201 құмшашқыш және 1532 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Аудандық әкімдіктер мен мердігер ұйымдарда қар тазалау жұмыстарының барысын бақылау жөнінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

"Қазгидрометтің" болжамы бойынша 10 ақпанның таңына дейін қар жауады деп күтілуде. Түнде ауа температурасы -4...-6. Тұман, көктайғақ болады.