Кахраманмараш провинциясында тағы да жер сілкінді

Кахраманмараш провинциясында тағы да жер сілкінді
сурет: ашық дереккөзден алынды

Эпицентрі Оникишубат ауданында орналасқан.

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 4,3 магнитудасымен зілзала тіркелді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасының ақпаратынша, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 08:45-те тіркелген.

Эпицентрі Оникишубат ауданында орналасқан. Ошағы 6,94 шақырым тереңде жатыр. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.