Каирде Бейбарыс сұлтан мешіті қайта ашылды

Каирде Бейбарыс сұлтан мешіті қайта ашылды
Сурет: Сенат

Бұл шара Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын мерекелеу бағдарламасына кіреді.

Қазақстандық делегация Мысырда Бейбарыс сұлтан мешітінің қайта ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Елімізден барған делегация құрамында сенат спикері Мәулен Әшімбаев, мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі және басқа да қоғам қайраткерлері бар.

"Бүгін Қазақстан мен Мысыр үшін өте маңызды күн. Біз Каирдің көрікті жерлерінің бірін қайта ашып қана қоймай, екі мемлекет арасындағы мәдени және рухани байланысты нығайтамыз. Бейбарыс сұлтан-біздің елдеріміздің тарихындағы маңызды тұлға, сондықтан Мысыр тарапына баршамыз үшін маңызды мәдени мұраны сақтау мәселесіндегі серіктестігі үшін алғыс айтқым келеді", - деді мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Сондай-ақ, қазақ және араб тілдерінде мемориалдық тақталардың ашылуы өтті, одан кейін қонақтар мешітке барып, нысанды аралады.

"Іс-шара Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын мерекелеу бағдарламасына кіреді. Барлығы 300-ден астам іс-шара жоспарланған. Бұл ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер, спектакльдер және тағы басқалар. Мысалы, ақпан айында Астана көшелерінің біріне тарихи тұлғаның есімі берілді, ал Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Мамыр айының ортасында Махамбет атындағы Атырау облыстық академиялық қазақ драма театры Астанада "Бейбарыс" қойылымын ұсынды", - деді министр.