Кәсіпкерлер тағы бір қулық тапты

Кәсіпкерлер тағы бір қулық тапты
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Бірінші қаңтардан бастап, кәсіпкерлік сипаттағы әрекеттерді анықтау мақсатында Кіріс комитеті банктерден мәлімет алатыны белгілі болғаннан кейін кәсіпкерлікпен айналысатындар жаңа бір жол тапты. Сондағы тапқан құйтырқы әрекеттері қандай?

Кейбір дүкен иелері тұтынушыларға ақшаны телефон баланысына жіберуді сұрап жатқанға ұқсайды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Осыған орай Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов өз ойын былай жеткізді: «Бұл жаңа схеманың бірі, бірақ меніңше, оның өзі уақытша әрекет. Өйткені, сатып алушыларға ыңғайсыз. Сондықтан бұл жағдай өзінен өзі жойылады, ал қажет болған жағдайда ұялы операторлар арқылы бақылау жүргіземіз», – деді.