Бас санитар жаңа қаулыға қол қойды

Бас санитар жаңа қаулыға қол қойды
Сурет: ҚР ДСМ баспасөз қызметі

Жаңа қаулы бүгін түнгі сағат 00-ден бастап күшіне енді.

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді.

Қазақстанда коронавирус таралуының алдын алу мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 1-тармағының және 104-бабы 7-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, қаулы етемін:

1. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына (бұдан әрі – № 38 БМСДҚ) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) № 38 БМСДҚ-ның 3-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;

2) № 38 БМСДҚ-ның 12-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) COVID-19-ға күдікті науқас тіркелген жағдайда COVID-19-бен ауыратын науқастардан материал алу және тасымалдау кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпті сақтауды, осы қаулыға 22-қосымшаға сәйкес COVID-19 ошақтарында дезинфекциялық іс-шараларды жүргізуді»;

3) № 38 БМСДҚ-ға 35-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады.