Қабылдау комиссиялары өз жұмыстарын бастады

Қабылдау комиссиялары өз жұмыстарын бастады

Бүкіл жоғары оқу орындарында қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.

2023-2024 оқу жылына талапкерлерден құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.

ЖОО-лардың қабылдау комиссиясының тізімі және байланыс нөмірі туралы қосымша ақпарат testcenter.kz сайтында және орталықтың Telegram арнасында жарияланған.

Ресурсқа кіріп, тізімді жүктеп алуға болады.

Айта кетейік, мемлекеттік грант конкурсына өтініш қабылдау 13-20 шілде аралығында өтеді.