Jusan Bank активтері Қазақстанға қайтарылады

Jusan Bank активтері Қазақстанға қайтарылады
Сурет: Gov.kz

Қажетті құжаттарға қол қойылды.

Банк бұрын алған мемлекеттік көмек мерзімінен бұрын қайтарылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

Өздеріңіз білетіндей, 2021 жылы жоспарланған іс-қимылдардың нәтижесінде Jusan Bank және телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардың бірқатар басқа да ірі активтерін қамтитын Jusan тобы шетелдік юрисдикцияға шығарылды. Іс жүзінде Қазақстан Үкіметі топтың үстінен бақылауды жоғалтты.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылдаған шаралардың нәтижесінде Jusan тобын қазақстандық юрисдикцияға қайтаруға қол жеткізді. Қажетті құжаттарға қол қойылды.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, топ Үкіметтің және басқа да мемлекеттік құрылымдардың бақылауымен жұмыс істейтін болады.

Jusan Bank қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру бойынша міндеттемелерді өзіне алды.

Банк бұрын алған мемлекеттік көмек мерзімінен бұрын қайтарылады. Мемлекет басшысының шығарылған активтерді қайтару туралы тапсырмаларын іске асыру жалғастырылатын болады.