Израильден қазақстандықтар мінген рейс Алматыға қонды

Израильден қазақстандықтар мінген рейс Алматыға қонды
Сурет: Самат Құсайынов

Израильдегі соғыс жағдайының өршуіне байланысты сонда жүрген 124 қазақстандық арнайы репатриациялық рейспен елге жеткізілді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Алматының халықаралық әуежайына Қазақстан азаматтары мінген «Air Astana» әуе компаниясының ұшағы келіп қонды

Әуе кемесінің бортында 166 жолаушы болды. Оның 124 – і ҚР азаматы, қалғаны — шетелдіктер.

Сондай-ақ, елге оралғандардың 14-і «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтіп жатқан стипендиат. Отандастарымызды туған-туыстары, жақындары, достары және БАҚ өкілдері қарсы алды